Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Ертегі тыңдайық!

Ертегі тыңдайық!

Ертегі – ұлттық тәрбиенің айнымас бөлшегі. Халықтың тілі мен дүниетанымы, даналығы мен тарихы жас ұрпақтың бойына ең алғаш ертегі арқылы даритыны белгілі. Ендеше, күн сайын ертегі айтып, баласының қиялына қанат бітіру – ата-ананың парызы болса керек.

Қазақстанның ашық кітапханасы ата-аналарға жәрдемші боларлық “Ертегі тыңдайық!” жобасын әзірледі. Жоба аясында 400-ге жуық қазақ ертегісінің аудио нұсқасы жасалды. Ертегілер тақырыбына қарай 7 бөлімге бөлініп, ұсынылып отыр. Бұл бастамамыз кітапханамыздың ең кішкентай оқырмандарының көңілінен шығарына сенеміз!