Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Алаш көсемсөзі. Х том

"Мәдени мұра " мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы:

Әшімбаев М.С., кеңес төрағасы

Асқаров Ә.А., жауапты хатшы

Қоғамдық кеңестің мүшелері: Абдрахманов Сауытбек., Атабаев Қамбарбек., Аяған Бүркітбай., Әбжанов Хангелді., Әбусейітова Меруерт., Әжіғали Серік., Әлімбай Нұрсан., Байпақов Карл., Байтанаев Бауыржан., Балықбаев Тахир., Дүйсембаев Еркін., Есім Ғарифолла., Жақып Бауыржан., Жұмағалиев Асқар., Жұмағұлов Бақытжан., Қасқабасов Сейіт., Қозыбаев Ілияс., Құл - Мұхаммед Мұхтар., Құрманбайұлы Шерубай., Мұхамедиұлы Арыстанбек., Мыңбай Дархан., Нысанбаев Әбдімәлік., Салғараұлы Қойшығара., Самашев Зейнолла., Сұлтанов Қуаныш., Тұяқбаев Қанат., Шаймерденов Ербол., Шеңгелбаев Бақытжан.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды.

Жоба жетекшісі және жалпы редакциясын басқарған:

Н.О. ОМАШЕВ — Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, профессор

Баспаға әзірлегендер — Журналистика мәселелерін зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері:

Ғ.М. Ақсейіт — филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Ұ.Сәйдірахман — Журналистика және саясаттану факультетінің Ph.D докторанты.

«Алаш көсемсөзі» сериясымен жарық көретін он томдықтың оныншы кітабы 1917-1919 жылдары Семей қаласында жарық көрген «Сарыарқа» газетінің жарияланымдарына арналды. Бұл — «Алашорданың» үні болған, қазақ автономиясы үшін күрескен басылым.

«Сарыарқа» газеті таза саяси мәселелерді қозғауымен ерекшеленді. Онда Алашорда үкіметі мен оның қайраткерлерінің азаттық жолындағы әрбір қадамдары егжей-тегжейлі баяндалып отырды. Газетте Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев, Халел Ғаббасұлы, Райымжан Мәрсекұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Дөнентаев, т.б.таланттар шоғырының көсемсөзі жарияланды.

Бұл еңбек осы саланың зерттеушілеріне, журналистерге, студенттер мен магистранттарға және көпшілік қауымға арналады.