Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Ахмет Байтұрсынұлы. Алты томдық шығармалар жинағы. ІV том

Әліппелер мен мақалалар жинағы.

(Төте жазудағы тұңғыш әліппелер және ұлттық баспасөздің негізін қалаған көсемсөздер).

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті  «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»  бағдарламасы бойынша шығарылды

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Құрастырып, баспаға дайындап, түсініктерін жазған – Имаханбет Р.С., А.Байтұрсынұлы мұражайының директоры

Жауапты редакторы– Ісімақова А.С.

Жауапты шығарушылар:Имаханбет Р.С., Әзімхан М.К.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақ баспасөзінің негізін қалаушы. Жинақтың 4-томына Оқу құралы: қазақша әліппесі (1912), Әліп-би (1926), Сауат ашқыш (1926) атты оқулықтары және өзекті мәселелерді көтерген түрлі тақырыптағы мақалалары топтастырылып берілді.

Жинақ мектеп оқытушыларына, ЖОО ұстаздары мен тіл мамандарына, жалпы кітапқа ынтызар оқырман қауымға арналған.